• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:44:55
Алматы
+35°

Қорғаныс министрлігі әскери каскаларды металл қалдықтарына тапсырылғаны туралы видеоға түсінік берді.

"Әлеуметтік желіде тараған видеодағы әскери каскалар Қорғаныс министрлігіне тиесілі емес. Ведомствода тексеріс жүргізілді. Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде әскери мүлікті жымқыру және жоғалту фактілері орын алған жоқ", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсе, әлеуметтік желіде металл қалдықтарына тапсырылған әскери каскалар туралы видео тараған болатын. Видео авторы каскалардың Қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін жазған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір