• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:07:32
Алматы
+12°

Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл учаскелердің кадастрлық құны 55 млн теңгеден асады. 

Байзақ ауданының прокуратурасы заңсыз берілген 465 гектар жер мен пайдаланылмай жатқан 4292 гектар жер телімін анықтады. 

Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде сотқа дейінгі тәртіппен пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін толық қайтару жайлы, ал қалған заңсыз берілген жерлер бойынша сотқа жерді жалға алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы арыз берілген.

Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, 465 гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Бұл жер учаскелері алдағы уақытта шаруа қожалықтарына заңда белгіленген тәртіппен беру арқылы шаруашылық айналымына тартылады.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір