26 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде блогерден қашып бара жатқан прокурордың видеосы тарап, кейін видеодағы Қонаев қаласының прокуроры екені анықталған болатын. Бас прокуратура осы оқиғаға қатысты тергеу қорытындысын жариялады.
"Тексеру қорытындысы бойынша, видеода көрсетілген прокурорлар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деген Бас прокуратураның кадр қызметі Tengrinews.kz редакциясына берген жауабында.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде блогерден қашып бара жатқан прокурордың видеосы тарап, қызу талқыға түскен болатын. Желі қолданушылары блогерлерді жауапқа тартуға шақырған еді.
"Алматы облысының прокуратурасы видеоны түсірген блогерлердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерген жоқ, алайда видеода көрсетілген қызметкерлер жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа өз бетінше жүгінуге құқылы", - деп мәлімдеді Бас прокуратураның кадр қызметі департаменті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір