26 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Енді еліміздегі білім беру ұйымдары алдын ала ескертусіз тексеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне хабарлады.
Сәуір айында президент әйелдер мен балалардың құқығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заңға қол қойған болатын.
"Заң шеңберінде жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі өзгерді. Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді субъектіні алдын ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізуге болады. Бұл норма балалардың құқығы бұзылған жағдайда тексеріске дайындалуға мүмкіндік бермейді" - делінген хабарламада.
Балалардың құқығын қорғау комитеті білім беру ұйымдарына тұрақты түрде тексеріс жүргізеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір