• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:32:48
Алматы
+12°

24 Сәуір, 2024 NEWS

Қазақстан ыдырап, Ресейге қосылуға мәжбүр болады – Сарапшы

Ресейлік экономист Михаил Хазин Қазақстанның тағдыры туралы болжам айтты.

Фото: ашық дереккөзден

Ресейлік экономист Михаил Хазин болашақта Қазақстанның Ресейге бірігуден басқа амалы қалмайды” деген арандатушылық пікір білдірді. Оның сөздерін Stan.kz ақпарат агенттігі келтіреді.

Басылым Хазин Қазақстанды әртүрлі элиталық топтар арасында өте үлкен ішкі шиеленісі бар осал ел деп санайтынын жеткізген. Ол оған дәлел ретінде 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаны мысал еткен.

“Қазақ элитасындағы терең қайшылықтар ешқашан шешілмеген және жойылмаған. Егер елде кез-келген күрт саяси өзгерістер орын алса, бұл әртүрлі топтардың жиналып қалған ашуының сыртқа шығуына, қарсыласуына әкеліп соғады”, - деген ол Қазақстанда бірнеше жекелеген бөліктерге ыдырау қаупі жоғары деп санайды.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сарапшы Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір