• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:40:36
Алматы
+12°

Алматының Наурызбай аудандық сотында үш адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатына қатысты сот отырысы аяқталды.

Автобус жүргізушісін соққыға жыққан сотталушы Дархан Ахметжанов 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жаза тағайындалды. 351 баптың 3-бөлігі “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу” және 293-баптың 1-бөлігі “Бұзақылық” бабы бойынша шешім шығарылды.

Ол жазасын ең төменгі режимдегі колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ сотталушыны жәбірленушілерге өтемақы төлейді.

Еске сала кетейік, жол апатынан 4 адам жараланып, 3 адам көз жұмған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір