• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:24:43
Алматы
+12°

Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров президент әкімшілігінің алқа мәжілісінде үкімет мүшелерінің тойға баруын сынға алды. Бұл туралы 24.kg ақпарат агенттігі хабарлады. 

Сонымен қатар, Ақылбек Жапаров министрлерге ел президентінің жарлықтары мен тапсырмалары сапалы және уақытылы орындалуы керек екенін ескерткен.

"Ысырап болып жатқан жерге бармаңыздар. Тойға бармаңыздар", - деп мәлімдеген премьер-министр. 

Еске сала кетейік, 2022 жылдың ақпан айында Қырғызстанда президенті қоғамдық іс-шаралар кезіндегі шектеулер туралы жарлыққа қол қойған. Құжаттың негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін көтеру, діни рәсімдер мен басқа да іс-шараларды өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір