• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:15:43
Алматы
+12°

Мәскеудегі "Крокус Сити Холлдағы" теракт салдарынан қаза тапқандар саны 82-ге жеткен. Бұл туралы "112" телеграм арнасы жазды. Арнадағы мәліметке сай, 
183 адам жараланған.

Бұған дейін Мәскеу губернаторы Андрей Воробьев 60 адам қаза тауып, 115 адам ауруханаға түскенін мәлім еткен.

Қазақстаның Ғылым және жоғары білім министрлігі лаңкестік шабуылдан қазақстандық студенттер зардап шекпегенін мәлімдеді. 

Ресей Федерациясында "Болашақ" және "500 ғалым" бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде.

Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты" делінген хабарламада.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қаза тапқандар немесе зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпарат түспегенін жеткізді.

Әлем елдері Ресей астанасына жасалған шабуылды қатаң айыптап жатыр.

"Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды", – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде  ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір