• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:35:07
+12°

24 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Такси қызметтері үшін 2010 жылғы көліктер де жарамсыз болуы мүмкін

Такси қызметтері үшін тек 90-жылдардағы емес, тіпті 2010 жылғы көліктер де жарамсыз болуы мүмкін. Мұның барлығы жаңа мемлекеттік стандарт жобасы аясында жүзеге асырылмақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaskelen.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық стандарттарды (ҰС) әртүрлі саладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында стандарттау органдары жасайды.

“Заң жобасында такси тасымалдарын ұйымдастыруды өзін-өзі реттеуге көшіру көзделеді. Ал бұл такси тасымалдаушыларының, таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметтерінің және таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларының жұмыс принципін концептуалды өзгертуге, сондай-ақ такси тасымалдаушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болуына алып келеді”, – делінген әзірленіп жатқан құжатқа түсіндірме жазбада.

Жобаның 7.1-тармағында “пайдалану мерзімі 15 жылдан асатын және жүріп өткен қашықтығы 500 мың км-ден асатын такси-автокөлікті пайдалануға тыйым салынады”. Бұл 2025 жылы такси жүргізушілері 2010 жылғы көліктерді пайдалану алмайды дегенді білдіреді.

Сонымен қатар такси жүргізушілерінің машиналарында кемінде төрт бүйірлік есік болуы керек. Яғни, сыртқы түрі де стандартталады.

ҰС жобасы такси жүргізушісінің көлігінің сыртқы түріне қойылатын талаптарды да қарастырады:

-Арнайы белгілер – мысалы, кузов бүйірлерінде қара және сары квадраттардан жасалған белдік болуы керек (қондырғы), сондай-ақ 500 метрге дейінгі қашықтықтан анық көрінетін және көліктің төбесіне орнатылған белгі болуы тиіс;

-Жүргізуші картасы –автомобиль салонында жолаушылар көретіндей жерде орналастырылады, онда жүргізушінің фотосуреті мен деректері көрсетіледі;

-Ақпараттық табло – тасымалдаушының ресми атауы (мекенжайы мен телефоны), 1 км-ге дейінгі жол жүру құны, сондай-ақ таксометр болған жағдайда жол жүрудің келесі қашықтығы үшін жол жүру құны көрсетіледі.                                                 

“Жолаушылар таксиін есепке алу және жабдықтау талаптарының сақталуын тексеру үшін такси көлігінің жүргізушісі осындай тексеру жүргізуге уәкілетті атқарушы билік органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін жолаушылар таксиіне жіберуге міндетті”, – делінген жобаның мәтінінде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ескі көлік такси

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір