• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 01:59:25
Алматы
+35°

Ресейдегі Crocus City Hall-да болған терактіні көптеген қаржылық ұйымдар криптовалюта арқылы қаржыландырған. Бұл туралы халықаралық комплаенс кеңесінің отырысында Росфинмониторинг басшысы Юрий Чиханчин мәлімдеді.

"Тергеу шаралары аяқталған жоқ. Бірақ осыған дейін жүргізілген тергеу жұмыстары терактіні ұйымдастыруға бірқатар елдердің азаматтарының қатысқанын көрсетті", - деді Чиханчин.

Еске сала кетейік, 22 наурыз күні белгісіз біреулер Мәскеудегі  Crocus City Hall концерт залында адамдарға оқ жаудырып, артынан граната жарған болатын. Лаңкестік әрекет нәтижесінде 143 адам қаза тапқан. Бұған дейін теракт ұйымдастырды деген айыппен тоғыз күдікті ұсталған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір