• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Шілде, 01:35:17
Алматы
+35°
 
Бүгін Ресейде бүкілхалықтық қаралы күн жарияланған. Ел астанасы Мәскеуде теракт болған "Крокус Сити Холл" ғимаратына жүздеген адам гүл шоқтарымен келіп, қаза тапқандарды еске алып жатыр.
 
Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында 5 мыңнан астам адам зардап шеккендер үшін қан тапсырған.
 
Соңғы дерекке қарағанда, концерт залға жасалған лаңкестік шабуыл мен соның салдарынан пайда болған өрттен 133 адам қаза тауып, 152 адам зардап шеккен.
 
Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі шабуылға қатысы болуы мүмкін 11 адамды ұстағанын, оның 4-еуі шабуылға тікелей қатысқанын мәлім етті.
 
Теракт үшін Ислам мемлекеті ұйымы жауапкершілік алған. Кей ресейлік саясаткерлер оқиғаға Украинаның қатысы болуы мүмкін деп санайды. Ресми Киев мұны үзілді-кесілді жоққа шығарады.
 
Дереккөз: ВВС орыс қызметі
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір