• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:23:38
Алматы
+35°

Тоқаев әлем бетпе-бет келіп отырған үш бірдей сын-қатер, COVID-19 пандемиясынан кейін қайта қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай екенін айтты.

– Жұмыссыздық белең алып, миллиондаған адам күнкөріс табысынан айырылды. Қазіргі таңда 130 миллионнан астам адам кедейлікке тап болып отыр. Даму саласындағы ілгерілеуге кеткен талай жылдар құрдымға кетуі мүмкін. Пандемия көптеген салаларда осал тұстарымызды айғақтап, мультилатерализм мен халықаралық ынтымақтастықтың аса маңызды екенін анық көрсетті. Вакцинаға қолжетімділіктің жалпыға ортақ әрі әділ қағидасын қамтамасыз етуден бастау қажет, – деді президент.  

Сонымен қатар президент Ауған халқының тағдырына бей-жай қарай алмайтынын, гуманитарлық көмек жеткізу үшін тасымалдау алаңын ұсынуға дайын екенін атап өтті. 

– Ауғанстан өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауды жалғастырып, ел аумағын террористтер, есірткі тасымалдаушылар мен адам саудасымен айналысатындардың ошағына айналдырмауы тиіс. Ауғанстандағы ауыр гуманитарлық жағдайға баса мән беруіміз қажет. БҰҰ мекемелері мен басқа да гуманитарлық ұйымдарға жылдам, қауіпсіз әрі кедергісіз гуманитарлық қолжетімділік берілуі тиіс,– деді ол. 

Тоқаевтың сөзінше,  биыл 270 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезінеді. Қазақстан  ірі бидай өндіруші және экспорттаушы ел. Алдағы уақытта шетелдік инвесторлармен жұмыс жасауға дайын. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір