• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:17:02
Алматы
+35°

22 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалды. Бұл туралы Ria.ru ақпарат агенттігі хабарлады.

Оқиға Киев астанасының оңтүстігіндегі  Лесники ауылының маңында болған. Украинаның ұлттық полициясының мәлімдемесінде көлікке 10-нан астам оқ тиіп, жүргізуші жарақат алған. 

"Жүргізуші ауыр халде реанимацияда жатыр" делінген агенттік таратқан хабарламада.

Украина полициясы шабуылдаушыларды ұстау бойынша ауқымды операцияны бастады.

Бірақ президент кеңесшісінің денсаулығы туралы әлі хабарланған жоқ. Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қастандық жасағандарды іздеу бойынша арнайы полиция операциясы іске кірісті.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина Сергей Шефир

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір