• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:19:17
Алматы
+12°

03 Сәуір, 2024 Ел

Татарстанға шабуыл жасаған пилотсыз ұшақ Қазақстан аумағынан ұшырылды - ресейлік депутат

Қорғаныс министрлігі Татарстанның Елабуга және Нижнекамск қалаларындағы кәсіпорындарға жасалған дрон шабуылына Қазақстанның қатысы жоқ екенін хабарлады.

Фото: ашық дереккөзден

Кеше Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Андрей Гурулев Татарстанға шабуыл жасаған украиндық дронды Орта Азия даласынан ұшыруға болатындығын жоққа шығармады.

"Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазылған министрлік таратқан ресми мәліметте.

Ведомство мамандарының пайымдауынша, мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған.

"Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз",  деп жазылған министрлік мәліметінде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Татарстан шабуыл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір