• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Қараша, 04:25:52
Алматы
+12°

17 Сәуір, 2024 Ел

Ұлыбритания су тасқынына байланысты Қазақстанға көмектесуге дайын екенін жеткізді

Ұлыбританияның сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Гани су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Көрнекі сурет

Шенеунік бұл туралы Twitter-де жазды.

"Қазақстанда жалғасып жатқан су тасқыны елдің солтүстігі мен батысындағы аймақтарды қиратты. Зардап шеккендердің барлығына, әсіресе эвакуациялауға мәжбүр болғандарға көңіл айтып, қолдау білдіреміз. Орталық Азия елдері климаттың өзгеруіне қарсы күресте алдыңғы қатарда. Ұлыбритания көмектесуге дайын", – деп жазды ол.

https://x.com/Nus_Ghani/status/1779787149543440774

Бұған дейін мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Альварес Канело су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау білдірген еді.

Еліміздің 8 өңірінде су тасқынының беті қайтар емес. Тасқын салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар саны 100 мыңнан асты.


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір