03 Сәуір, 2024 Ел
Армения ОДКБ-дан шыға ма?
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ұйымның республиканың қай аумағын қорғайтыны туралы мәселені нақтылау талабына жауап берді.
Фото: ашық дереккөзден
ҰҚШҰ Армениядағы өзінің жауапкершілік алған аймағы бекітілген мемлекеттік шекаралар аясынан аспайтынын мәлімдеді.
«Жауапкершілік аймағы туралы тұжырым өте күрделі. Бұл жерде республикадағы жағдайға назар аудару қажет. Өйткені 2010 жылы қол қойылған өзара іс-қимыл қағидаттары туралы келісімге сәйкес ҰҚШҰ, жауапкершілік аймағы мүше мемлекеттердің егеменді аумағы болып табылады. Аталған құжатқа 2010 жылы Мәскеуде қол қойылған. Бұл Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының мәртебесі туралы келісім деген құжат. ҰҚШҰ «ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағы Армения мен оның көршілері арасындағы екіжақты негізде реттелетін мемлекеттік шекара өтетін жерде аяқталады”, делінген ұйымның мәлімдемесінде.
Осыған дейін Пашинян егер ұйым “ҰҚШҰ Арменияның қай аумақтары үшін жауапты» деген сұраққа жауап бермесе, Ереван ҰҚШҰ-дан шығатынын айтты.
Пашинянның айтуынша, егер ҰҚШҰ бұл сұрақтарға жауап берсе және бұл Ереванның идеясына сәйкес келсе, Армения мен ұйым арасындағы проблемалар шешіледі.
«Әйтпесе, Армения Республикасы ҰҚШҰ-дан шығады. Бірақ мұның қашан болатынын айта алмаймын», – деп ескертті ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір