• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:50:10
Алматы
+35°

ШҚО-да шығармашылық, зерделі және ынталы мектеп оқушылары мен  білім беру ұйымдарының студенттері IX аймақтық «Жаңа ұрпақ» ІТ фестивалінде өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.

Ел президенті Қ.Қ.Тоқаев жариялаған «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған шарада, еліміздің шығысында білім саласындағы жалғыз ауқымды ІТ көрме өтіп жатыр.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

«Жаңа ұрпақ» студенттерге өз жобалары мен әзірлемелерін көрсетуге, идеялар мен пікір алмасуға тамаша мүмкіндік, дейді ұйымдастырушылар.

– Бүгін фестивальде антисептик шашатын робот жобамызды ұсынып отырмыз. Ол сенсордың арқасында жұмыс істейді, қазақ тілінде еркін сөйлейді және коронавирустық инфекцияның алдын алу туралы нұсқаулар береді. Бұл індетпен күрестегі үлкен қадам деп есептейміз. Мектебімізде орнаттық, - дейді Өскемен қаласындағы А.О.Бөкей атындағц N44 лицей-мектебінің оқушылары Ділназ Нәбиолда мен Диас Ермұханбетов.

– Мен бос уақытымда прогрессивті метеостанцияның жобасын әзірледім. Оның мәні климаттық жағдайларды сақтайды, сондай-ақ топырақтың ылғалдылығын бақылайды, өсімдіктерді уақтылы суарады. Менің әзірлемелерім ауыл шаруашылығында, гүл өсіруде пайдаланылуы мүмкін, - дейді N10 гимназия оқушысы Семен Петков.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Қатысушылар «Kids Skills», «Maker Fest», «Junior Skills», «Startup Projects», «Robotime», «ClusterPro» секілді 6 бағыт бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Олардың арасында қауіпсіздікті ұйымдастыруға арналған арнайы қосымшалар, ойындар, басқа да ойындар, қолданбалы жобалар бар.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев атап өткендей, фестиваль жас инноваторлардың өздеріне деген сенімін арттырып, идеяларының қолдау табатынына сенім ұялататын тамаша мүмкіндік.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, елімізге жас, білімді, мақсатты кадрлар қажет. Отандық IT секторды дамыту және нығайту маңызды. Облыста небәрі 2 жылдың ішінде 25 студент стартап жобаларын әрі қарай жүзеге асыру үшін грант алса, бүгінде 35 студент 35 млн теңге алды. Бүгінгі таңда жігіттердің осы жерде және қазір қолдануға болатын дайын IT шешімдерін ұсынып жатқаны өте қуанышты. IT фестивалі жыл сайын өткізілетін болады, оған әркім қатысып, грантқа ие бола алады. Сондықтан идеяларды генерациялауды және жобаларды жасауды жалғастыру маңызды, – деді ол.

Сондай-ақ фестиваль алаңында ғылыми-ойын-сауық аймағы таныстырылды, мұнда келушілер заманауи технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерді сынауға бірегей мүмкіндік алды. Мереке аясында «Skill for Geeks» облыстық чемпионатының және облыс мұғалімдері арасындағы «IT-Ūstaz 2022» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Фестиваль нәтижесінде тәуелсіз сарапшылар үздік IT-жобаларды таңдап, «Көрермендер таңдауы» жүлдесі көрмеге келушілердің онлайн дауыс беруі арқылы анықталады.

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Skill for Geeks» облыстық чемпионаты төртінші рет өткенін айта кеткен жөн. Оған робототехника, 3D модельдеу және бағдарламалаумен белсенді айналысатын мектеп оқушылары қатысты. Чемпионат ІТ-сыныптар жұмысының көрсеткішін аша түсіп, оған қатысушылар ІТ-құзіреттіліктері бойынша білімдері мен дағдыларының жоғары деңгейін көрсетті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір