• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 16:20:33
Алматы
+12°

13 Ақпан, 2024 Оқиғалар

Алматыда мешітте намаз кезінде ұрлық жасайтын күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлері Алмалы ауданындағы мешіттердегі төрт ұрлықтың бетін ашты. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.

polisia.kz

«Б.есімді азамат ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, намаз кезінде белгісіз біреу оның жеке мүлкін ұрлап, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қаскөйдің осыған ұқсас 4 ұрлыққа қатысы бары белгілі болды. Аталған деректер бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдімасаров.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындағаны да нақтыланады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы мешіт ұрлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір