• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:01:36
Алматы
+12°

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев елде өтіп жатқан митингтерге қатысты көзқарасын білдірді. Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-каналына берген сұхбат барысында айтты.

– Жалпы демократиялы мемлекет болғаннан кейін демократия болу керек. Бірақ митингтің де митингі болу тиіс. Мысалы қазір вакцинаға қарсы митинг ұйымдастырып жатыр. Менің ойымша бұл дұрыс емес. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы вакцина алмасақ індеттен құтыла алмайтынымызды айтты. Сонда "Қазақстан" бөлек мемлекет пе?! Оның үстіне біздің елге келушілер де бар, өзіміз де басқа мемлекеттерге барамыз. Егер біз бір жаққа барып, өрісімізді кеңейтеміз десек – екпеден өтіп, бала-шағамызды үйретуіміз керек, – деді облыс әкімі.

Сапарбаев былтырғы коронавирустан болған өлім-жітім қазақстандықтарға сабақ болуы керегін атап өтті.

– Бізде әлеуметтік желілер арқылы екпеге қарсылық білдіріп, митингке шығуға шақырады. Кеше ғана "балалардың екпе алуына қарсымыз" деп жазып жіберіпті. 18 жасқа дейінгі балалар екпе алмайды. Екпе салуға ешкімді мәжбүрлемейді. Бірақ ауырып қалса ол қайда барады?! Әрине, ауырғаннан кейін ол мемлекетке келеді. Кейін өзінің екпеден бас тартқанын ұмытып кетеді. Оның зияны бала-шағасына, ағайына, достарына тиеді.

Менің ойымша мемлекет қарамай, мәселені шешпей жатса, митингке шығу керек. Митингтің өзінің мәдениеті болуы қажет. Біз әуесқой, еліктегіш халықпыз. Мәселен Америка, Еуропаға қарап, солай жасау керек деп ойлаймыз. Ол кезде ештеңе де болмайды. Бізде заңда митингтің қалай өту керектігі жазылған, – деді Бердібек Сапарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір