• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 00:35:10
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2024 Әлеумет

Қазақстанда Аралды сақтауды қолдау мақсатында Araldy Saqta төлем картасы іске қосылды

Freedom Bank және Mastercard халықаралық төлем жүйесі Арал теңізін сақтау бойынша қайырымдылық бастамасын жариялады және Araldy Saqta төлем картасын ұсынды. Оны төлеген кезде әрбір сатып алудан 10%-ға дейінгі мөлшерде кэшбэк Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорына аударылатын болады.

Көрнекі сурет

Қатысу үшін Freedom SuperApp қосымшасына немесе Freedom Bank филиалдарының Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларындағы картоматтарына Araldy Saqta арнайы картасын онлайн ашу қажет. 
Таяз болғанға дейін Арал теңізі көлемі бойынша әлемдегі төртінші үлкен көл болды. Бүгінде ол экологиялық апаттың нысанасына айналды. Су қоймасының кең көлемде кебуі су көлемінің 90% жоғалуына әкелді. Мұның себебі - аймақтық ауыл шаруашылығы үшін суды кеңінен пайдалану. Нәтижесінде 5,4 млн гектардан астам жер тұзды шөлге айналды (қазақстандық бөлігі шамамен 2,2 млн гектарды құрайды). Су  қоймасын қалпына келтіру және жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, бірақ проблемалар маңызды болып отыр. 

Araldy Saqta төлем картасы Арал теңізін құтқаруға үлес қосып қана қоймай, оның иелеріне бірқатар артықшылықтар береді. Жаңа өнім қаражатты алуға және аударуға, сондай ‒ ақ депозитте қаржыны үнемдеуге және банктен соманың қалдығына ай сайынғы сыйақы ала отырып, сатып алуларды тікелей картадан лезде төлеуге мүмкіндік береді (соманың қалдығы -100 мың теңге). Бұл ретте қосымшаға кіруге және ағымдағы және депозиттік шоттар арасындағы аударымдарға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, өйткені олар автоматты түрде жүргізіледі. Карта бір уақытта теңгемен, доллармен, еуромен және рубльмен шығарылады. 

Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank-тың  Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі:

"Арал теңізінің құрғауы – Қазақстанның үлкен қасіреті. Біз су айдынын құтқарудың маңыздылығын түсінеміз және барлық қазақстандықтар сияқты оның тағдырына алаңдаймыз. Біз Аралды құтқаруды қолдауға үлес қосқымыз келді. Сондықтан Freedom Bank Mastercard-пен бірлесіп арнайы Araldy Saqta картасыншығаруға бастамашылық етті. Оның артықшылығы - қайырымдылық жарнасын жасау үшін әр уақытта осы ұйымдарды іздеу және аударым жасау үшін қосымшаға кірудің қажеті жоқ. Сіз картаны бір-ақ рет ашасыз да, содан кейін әрбір сатып алуыңыздан жоғары кэшбэк автоматты түрде Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорына жіберіледі. Мұндай бастамалар біздің ғаламшарымыздың осы бұрышын болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуға көмектеседі деп сенеміз".

Freedom Bank бұл бастаманы Freedom Holding Corp. пен Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен ынтымақтастығы шеңберінде іске асырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір