• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 20:55:38
Алматы
+35°

Ақтауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі штаб мүшелері Yessenov University қызметкерлерімен кездесіп, референдум, атом электр станциясының болашағы, ғылым мен білім жайлы пікір алмасты.

Қазіргі таңда елде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70%-ы көмір электр станцияларына тәуелді. Алайда, жұмыс істеп тұрған станциялар жыл өткен сайын тозып, істен шығуда. Бұл өз кезегінде электр энергиясының тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар елдің экономикасы мен экологиясы үшін де аса қауіпті.

Штаб мүшелерінің айтуынша, елдің энергетикалық тұрақтылығын сақтап, түрлі салада топ бастауымыз үшін АЭС бой көтеруі керек. Ал АЭС қызметі мен салынуына, ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтуға мемлекет қауқарлы екенін алға тартты.

- Халық АЭС-ның болашағына, онда жұмыс істейтін жастардың білім, біліктілігіне, құрылыс жұмыстарына алаңдаулы. Сенімсіздікті сейілту үшін айта кетейік, қазір елде екі ірі ғылыми-зерттеу ұйымы бар. Оның бірі Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығы және Алматыдағы Ядролық физика институты. Олар атом электр станцияларын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету қызметін атқарады. Осы екі ұйымның базасында ИГР, ИВГ.1М және ВВР-К ғылыми-зерттеу ядролық реакторларының іске қосылуы арқылы Қазақстанға ғылыми тәжірибелер жүргізуге, сондай-ақ ядролық физика әдістерін экономиканың әртүрлі салаларына енгізуге мүмкіндіктер ашылды. Қазіргі уақытта Ұлттық ядролық орталық атом саласына кадрлар даярлау мәселесіне көңіл бөлініп жатыр. Еліміздегі іргелі ЖОО-да кадрлар даярлау бағытында ынтымақтастық жүргізілуде. Сонымен қатар Ядролық физика институтында радиациялық қауіпсіздік, бақылаудың бұзбайтын әдісі және ядролық қауіпсіздік бағыттары бойынша оқу орталықтары жұмыс істеп тұр, - деді штаб мүшесі Берік Ахметов.

Егер халық АЭС салуды қолдаса, онда құрылыс халықаралық МАГАТЭ стандартымен және сарапшыларының бақылауымен салынатынын түсіндірді.

Шара соңында университет ұжымы АЭС-ның экологияға, нақтыласақ Балқаш көліне әсері, экономикалық тиімділігі бойынша сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір