• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 13:38:46
Алматы
+12°

​«Таза Қазақстан» республикалық акциясы бойынша Маңғыстауда тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы абаттандырылуда. Соның бірі, Бейнеу ауданындағы Есет елді мекенінен 7 шақырымда орналасқан - «Қыз әулие» қорымының аумағында сенбілік өткізілді.

​Акцияға Есет ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері, тұрғындары білім және мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, өлке тазалығына өз үлестерін қосты.

авы

​- Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық өңірлерде сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта «Қыз әулие» қорымында сенбілік жұмыстарын жүргізудеміз. Өңір тазалығы - баршаға ортақ іс. Сондықтан, маңғыстаулықтарды осы игі іске белсене атсалысуға шақырамын, - деді Есет ауылының белсенді жасы Ерлан Ишмуратов.

​Есет ауылының әкімі Мейрамғали Қаниев оң бастаманы қолдайтынын атап өтті.

​- Туған өлкенің тазалығына атсалысу - әрбір азаматтың міндеті. Әр сенбі сайын әрбір тұрғын өз ауласына ағаш отырғызып, қоқыстан тазартса, аймағымыз жасыл желекпен көмкерілер ме еді. Осындай сенбілік жұмыстарын жиі өткізуді қолдаймын, - деді Мейрамғали Қаниев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір