Фото: Ашық дереккөз
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа жолдаған депутаттық сауал жолдап, әскердегі келеңсіздікті тыю және алдын алу бойынша нақты шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар жолдады.
Оның сөзінше, әскерде соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер қайтыс болған, ал соңғы төрт жылда әскерде 86 суицид тіркелген, 20 әскери адам өз-өзіне қол салуға оқталған.
Сондай-ақ ол Қорғаныс министрлігі айтқан әскери бөлімдердегі 50 мыңнан астам бейнекамераның жазбаларын сұрап, керек кезде солар неге жоқ болып шығатынына назар аударды.
Әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы төмен, олардың жалақысы 2008 жылы ғана көтерілгенін еске салған депутат министрге төмендегідей екі ұсыныс жолады.
- Еліміздің армиясындағы аталған келеңсіздікті тыю және алдын алу бойынша нақты шараларды қабылдау.
- Әскерилердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалады қолға алып, олардың іске асуын жеделдету
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір