• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қазан, 00:55:41
Алматы
+8°

31 Шілде, 2024 Спорт

Ильфат Абдуллин: Қазақстанның садақшылары да әлемде жақсы атақ алатындығын дәлелдеуге тырысамын

Садақ атудан ұлттық құраманың көшбасшысы Ильфат Абдуллин Олимпиададағы бәсекесін аяқтады

Фото: ашық дереккөзден

Олимпиада ойындарын екінші мәрте қатысқан Ильфат Абдуллин жарыс жолын қорытындылады:

«Бүгінгі атыста екі рет қателікке бой алдырдым. Қарсыласым сол сәтті пайдаланып кетті. Өз-өзіме ризамын деп айта алмаймын. Бірақ Олимпиадада команда үшін де, жеке сайыста да соңына дейін аянып қалмадым. Шешуші сәттерде ащы жеңіліске ұшырауымыз маған әсер етті.

Париж Олимпиадасындағы басты кедергі – тұрақтылық жетіспеді. Психологиялық жағынан қысым болды. Алдағы уақытта өз-өзіммен жұмыс істеймін. Әлі алда жарыстар көп.  Жеңіліске беріле салуға болмайды. Көп еңбектеніп, Қазақстанның садақшылары да әлемде жақсы ата алатындығын дәлелдеуге тырысамын. Алда құрамамыздың жастары Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременкоға тілеулес боламын. Жалындап тұрған жастардың мотивациясы жеңіске жетуге септігін тигізеді деген сенімдемін».

Айта кетейік,26 жастағы  Илыфат Абдуллин Париж Олимпиадасының жекелей сынында 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері канадалық Эрик Питерспен болған кездесуде 4:6 есебімен жол берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір