19 Қыркүйек, 2024 NEWS
Көлікті мас күйінде басқарғандар 7 жыл бойы жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыруға жіберілмейді
Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері арналған заңды бірінші оқылымда талқылау кезінде мәлім болды.
Көрнекі сурет
Евгений Больгерттің айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы) және 613-бабы (куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарға қатысты тиісінше жеті немесе сегіз жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберуге тыйым салу енгізіледі.
Кодекстің 608-бабында жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір