19 Қыркүйек, 2024 NEWS
Автогаз бағасы тағы қымбаттайды
Энергетика министрлігі нарықта автогаз тапшылығы сезіліп жатқанын айтып отыр.
Көрнекі сурет
Келер жылы сұйытылған газ құны қымбаттауы мүмкін. Яғни, автогаз бағасы тағы 10 теңгеге көтеріледі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді.
Вице-министр қазір нарықта автогаз тапшылығы сезіліп жатқанын айтып отыр. Ведомство бұл проблеманы жасырмайды. Тапшылыққа "өкінішке қарай, күнделікті автокөлік жүргізушілерінің арзан отынға ауысуы себеп" болып отыр дейді Әлібек Жамауов. Десе де, кейінгі екі жылда министрлік дәл осы мәселені шешуге мықтап кіріскен. Яғни, ұлттық компаниялардан сұйытылған мұнай газын өзге отын түрлеріне қарағанда көбірек өндіруді өтінген.
"Қашаған" және "Қарашығанақ" кен орындарындағы жаңа өндірістер іске қосылған соң тапшылық мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Ал сұйытылған мұнай газының бағасы кезең-кезеңімен өседі. Мәселен, биыл 5-8 теңге аралығында көтерілді. Келер жылы 10 теңгеге дейін қымбаттайды", – деді Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір