• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 22:01:40
Алматы
+35°

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдың атын ауыстыру мәселесі туралы пікір білдірді.

"Бізде абаттандыру, жылу, әлеуметтік және экономикалық дамуға қатысты мәселелер көп. Бұл мәселе көтермейді деуге келмейді, "ауыстыруды" қолдайтындар да, "қазір уақыты емес" дейтіндер де бар. Біз мұны бақылап отырамыз. Әр нәрсеге реакция білдіреміз. Бұл мүлде саяси мәселе емес" деген әкім өңірде қаланың атын ауыстыруды қолдайтындар мен қолдамайтындар саны шамалас екенін айтты.

Әкім сөзінің соңында мәселе тұрғындар пікірін ескере отырып қабылданатынын, тұрғындардың басымы бөлігі қолдағанда мәселені көтеруге болатынын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір