• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 05:43:52
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Тәжікстан министрі Ресейді «Крокус ісі» бойынша ұсталғандарды азаптауды тоқтатуға шақырды

Тәжікстан сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин Крокус Сити Холлдағы лаңкестік оқиғаны тергеген кезде ресейлік құқық қорғау органдары халықаралық құқық қағидаттары мен құқықтық нормаларды сақтауы тиіс екенін айтты.

Фото: ашық дереккөзден

Дипломат «Азия-Плюс» департаментінің басшысы келтіргендей, тұтқындарды азаптау мен қатыгездік көрсетуді тоқтатуға шақырды.

Минскіде өткен ТМД елдері Сыртқы істер министрлерінің саммитінде сөйлеген сөзінде Тәжікстан СІМ басшысы лаңкестік әрекет жасады деген күдіктіні азаптау арқылы мойындатуын ашық көрсетуден біраз нәрсе түюге болатынын айтты. «Осы жолмен алынған мойындаулардың қандай болатыны барлығына белгілі», - деп атап өтті дипломат.

Мухриддиннің айтуынша, ойластырылмаған ақпараттық науқанның нәтижесінде Тәжікстан азаматтары мен тәжіктерге қатысты теріс түсінік қалыптасып отыр, бұған жол беруге болмайды. Өйткені мұндай әрекеттер шетелдіктерге деген өшпенділікке, ксенофобияға, нәсілшілдікке жетелейді.

Министр Крокустағы терактіге қатысты тергеудің бейтарап әрі әділ өтетініне сенім білдірді.

«Барлығы да жазалануы керек: ұйымдастырушылар да, қылмыскерлер де, сыбайластар да, осы жантүршігерлік қылмысқа тапсырыс бергендер де», - деп түйіндеді Мұхриддин.

Ол әріптестеріне көршілес Ауғанстандағы шиеленісті жағдайға байланысты Тәжікстан отыз жылдан бері қауіпсіздік мәселелерімен бетпе-бет келгенін айтты. Сондай-ақ дипломат ТМД терроризмге қарсы орталығы қызметінің тиімділігін арттырудың кезек күттірмейтін қажеттілігі бар екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір