• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:59:09
Алматы
+12°

Әйелін өлтірді деген айыппен сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы ресейлік блогер Наталья Грейске сұхбат берді.

Блогер өз сөзінде Салтанат Нүкенованың ағасын "әпкесінің өлімін коммерциялық мақсатта пайдаланып жүр" деп айыптап, Бишімбаевтың ата-анасы көлеңкеде қалып қойғанын айтады.  

Сұхбатта экс-министрдің анасы Альмира Бишімбаева ұлын "ана ретінде қолынан келгенше қорғап жүргенін" айтып, көзіне жас алды.

"Қуандық Салтанатты әдейі өлтірді дегенге келіспеймін. Ол Салтанатты қатты жақсы көретін, отбасы болып кету үшін барын жасайтын. Қуандық өте мейірімді, қамқор адам. Салтанаттың ата-анасын түсінемін. Мұндай нәрсені ешкімге тілемеймін. Ұлымды өте қатты жақсы көремін, ұлымызбен мақтанамыз. Бірақ осындай жағдай болып қалды. Неге бұлай болғанын әкесі екеуіміз де түсіне алмадық. Қуандық бала күнінен өзіне жауапкершілік ала алатын адам болатын. Үнемі біз үшін алаңдап, қамқорлық көрсетіп жүретін" - деп мәлімдеді. 

Ал экс-министрдің әкесі Уәлихан Бишімбаев "отбасы болған соң ұрыс-керіс болатын, бірақ балаларыма да, жұбайыма да қол көтерген емеспін. Бұл біздің отбасымызға жат дүние" деді. Сонымен қатар, ұлының әрекетіне қатысты да өз ойын айтты. 

"Қуандық кінәлі, ол жазалануы керек. Біз үшін бұл үлкен трагедия. Себебі Салтанат та біздің отбасымыздың мүшесі. Оған өз қызымыздай қарайтынбыз" – деп мәлімдеді Уәлихан Бишімбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір