• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Мамыр, 13:38:03
Алматы
+35°

Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз басталған болатын. Бүгінгі сот отырысында прокурор "қылмысты хабарламау" деп айыпталған Бақытжан Байжановқа тағылған бапты ауыстыруды сұрады. 

"Байжановқа тағылған қылмыстық кодекстің 434-бабы "Қылмысты хабарламау" бойынша айыпты 432-бабы "Аса ауыр қылмысты жасыру" деп өзгерту қажет. Өйткені ол аса ауыр қылмыс болғанын біле тұра, құзырлы органдардың ресторанға кіруіне кедергі келтіріп, саналы түрде марқұмның өлімін жасыруға тырысты", – деді прокурор.

Еске сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді, ал Бақытжан Байжанов "қылмыстық іс туралы хабарламады" деп айыпталып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір