29 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Кайрат Конуспаев
Шахмат турнирі барлық шақырылымдағықалалық мәслихат депутаттарын, Қоғамдықкеңес мүшелерін, ардагерлер кеңесі мен БАҚ өкілдерін біріктірді.
«Біз қала жұртшылығын шахмат турниріқызықтырғанына қуаныштымыз. Жалпы, жарысҚР мәслихаттарының отыз жылдықмерейтойына орайластырылды. Осылайша бізалматылықтар арасында шахматтынасихаттауға және тұрғындарымыздыңзияткерлік әлеуетін дамытуға назар аударуғатырыстық. Әрине, республикалық турнирдежеңіске жетуге мақсаттымыз. Келесі жылыойын одан да ауқымды болатынынасенімдімін», - деп атап өтті М. Отыншиев.
Қазақстан шахмат федерациясының dице-президенті Александр Бабенко турнирдіңқұрылымы мен ережелері туралы ақпаратпенбөлісті.
«Жалпы, жарыс үш кезеңнен тұрады. Іріктеу кезеңі 6 сәуірде Семей және Қостанайқалаларында басталып, мамыр айындаПетропавл мен Ақтөбеде аяқталады. Қорытындысы бойынша әр өңірден жартылайфиналға өтетін 25 үздік қатысушыдан тұратынкоманда құрылады. Үлкен финалдың өзіАстанада 29 тамызға жоспарланған», - дедіА.Бабенко.
Сонымен, турнирде «Senat Open»кубогының чемпионы атағы үшін күресетінеліміздің ең мықты шахматшылары жиналады.
Алматыдағы тоғыз турдың қорытындысыбойынша тамыз айында жартылай финалдакүресті жалғастыратын 25 үздік қатысушыанықталды. Соңында Алматы қаласыМәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиевқатысушылар мен жүлдегерлерге медальдармен грамоталар табыстады.
Бұдан бөлек, іріктеу кезеңі аясындаАлматы қаласының жас шахматшыларыныңойын сеансы өтті. Айта кетейік, мегаполистің шахмат мәдениетін дамытудағы маңызды қадамға айналған турнир ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен және Қазақстандық Шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір