29 Сәуір, 2024 NEWS
Тікұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты
Эквадорда "гуманитарлық көмек жеткізбек болған тікұшақ апатқа ұшырап, сегіз адам көз жұмды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Фото: ашық дереккөзден
Эквадорда бес әскери қызметші мен үш бейбіт тұрғын әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан мерт болды.
Ресми деректерге сәйкес, тікұшақ су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізу үшін жолға шыққан. Апат Пастаса провинциясының Тивино аймағында таңғы сағат 9:36 болған.
«Эквадор армиясы шұғыл комиссия құрып, қарулы күштерді қайғылы жағдайға тап қылған апаттың себебін зерттеуге кірісті», - делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір