• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Мамыр, 14:16:24
Алматы
+35°

Биыл Ресейде адыраспан тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізіліп, адыраспан тасымалдаған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Соған байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі ел азаматтарына Ресейге адыраспан алып баруға болмайтынын ескертті.

"Биыл ақпан айынан бастап Ресей Федерациясында гармала деген өсімдік, яғни жалпақ тілмен айтқанда "адыраспан" тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілді. Оны сол елге апарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген", — деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев апталық брифингіде.

Өзгертулерге сәйкес көрші елге аса ірі мөлшерде адыраспан апарғандар 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір