12 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Астанадағы 66 жекеменшік мектептің бесеуі ғана қазақ тілінде білім береді
Астана қаласының білім басқармасы елордадағы жекеменшік мектептердің оқыту тілі туралы мәлімет берді.
фото: ашық дереккөзден
«Қаладағы 66 жекеменшік мектептің басым көпшілігі аралас тілді болса, 5-уі қазақ тілді, 15-і орыс тілінде оқытады», - делінген жауапта.
Сондай-ақ, ведомство жауабында жекеменшік мектептердің оқыту тілі ата-аналардың қалауына қарай айқындалатыны айтылған.
«Баласының жекеменшік мектепте оқығанын қалайтын ата-ана мектепті таңдау кезінде оның оқыту тіліне, оқу ақысына, оқыту бағытына байланысты таңдайды», - деп жазылған ресми мәліметте.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір