• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:57:42
Алматы
+35°

Бастапқыда құмар ойындарға қатысты моральдық көзқарас қана қалыптасқан еді. Сондықтан бұл проблемадан зардап шегетін адамдар моральдық тұрғыдан әлсіз, жалқау болып саналатын. Бірақ ХХ ғасырдың ортасында психологиялық және психоаналитикалық интерпретациялар арқылы құмар ойындар зерттеле бастады. Ал ХХ ғасырдың аяғында — нейробиология ғалымдар осы мәселені қолға алды. Құмар ойындарға тәуелділіктің нақты физиологиялық механизмдерін түпкілікті ажыратудың арқасында лудаманияға шалдыққандардың мінез-құлқындағы өзгерістердің ауыр сипатын дәлелдеуге және бұл жағдайды психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының спектріне жатқызыла бастады.

Басқа психикалық бұзылулар сияқты, құмар ойындар да көпфакторлы ауру болып табылады. Біріншіден, оның пайда болу қаупі әлеуметтік-демографиялық факторларға байланысты. Бұл әйелдерге қарағанда ер азаматтарда екі есе жиі кездесетін жағдай. Бірақ әйелдерде құмар ойындар тезірек дамиды: ер адамдарда ойын мінез — құлқының басталуынан тәуелділіктің қалыптасуына дейін орта есеппен 4,6 жыл, ал әйелдерде 1 жыл уақыт жеткілікті. Сондай-ақ, мигранттар арасында құмар ойынның жетегіне кету қаупі жиі ұшырайды. Бұл ақшалай қиындықтарға және оңай пайда табуға деген ұмтылысқа байланысты болуы мүмкін.

Енді бұл мәселеге қатысты әлемдік деректерге назар салсақ. Мысалы, АҚШ-та құмар ойындар орта жастағы және егде жастағы адамдарда жиі болады, ал Ресейде 40 жасқа дейінгі жастар осындай проблемалармен жұмыс істейтін дәрігермен кездесуге жиі келеді. Ал соңғы жылдың деректері бойынша Қазақстанда құмар ойынға салынғандар трилион теңгеден астам қаржы жұмсаған.   Сондай-ақ осы мәселе бойынша өмір сүруден бас тартып суицид жасаған 3 мыңнан астам факті тіркелген. Жалпы елімізде лудамания дертіне шалдыққан әрбір бесінші адам суицид жасауға тырысады. Бұл – өте қауіпті әрі жыл сайын белең алып барады.

Екіншіден, құмар ойындардың дамуында биопсихологиялық факторлар рөл атқарады. Мысалы, тәуелділікке тұқым қуалайтын бейімділік, біреуге немесе бір нәрсеге сенімді байланыстың болмауы және т. б.

Құмар ойындардың пайда болуына әсер ететін төрт негізгі фактор бар. Олардың барлығы жеке қасиеттермен байланысты:

  • ойында "тыныштықты", "алаңдаушылықты" іздеуге итермелейтін ұзақ деструктивті стресс – әйел жынысымен, суицид қаупінің жоғарылауымен, отбасында әртүрлі психикалық бұзылулардың болуымен байланысты;
  • проблеманы ұмытуға деген қажеттіліктің артуы – отбасында алкогольге тәуелді адамдардың болуымен байланысты;
  • қылмыстық және жалғыздыққа бейімділік – қылмыстық өмір тарихымен байланысты (қамауға алу, заңсыз әрекеттер).

Құмар ойынның белгілері

Құмар ойындардың негізгі симптомы – ерекше ойын әрекеті. Бұл жоғалту немесе жеңу ықтималдығы мүмкіндікке байланысты болған кезде оқиғаның нәтижесіне бәс тігу кезінде маңызды, құнды нәрсенің тәуекелін білдіреді.

Ойынға тәуелділіктің әртүрлі формалары бар, онда әртүрлі ожарыстар мен байқауларға бәс тігу қолданылады және химиялық тәуелділік, нашақорлық секілді бәс тігу, құмар ойынның да әр түрі болады.

Ілеспе психопатологиялық бұзылуларға байланысты құмар ойынға салынғандардың бес түрі бар:

Невротикалық  (34 %) — олар үшін ойын эмоционалды мәселелерді, жалғыздықты, мазасыздықты шешу тәсілі ретінде әрекет етеді. Сонымен қатар, құмар ойындардан басқа, олар психоздар мен невроздардан зардап шегуі мүмкін.

Психопатиялық (24 %) — құмар ойындар антисоциалды жеке автоматизмдермен (мысалы, агрессия) үйлеседі және жеңіл ақшаға, демек рахатқа қол жеткізу үшін алдау үрдісі ретінде пайда болады.

Импульсивті (18 %) — бұл адамдар өзін-өзі бақылау қабілетінің төмендеуімен сипатталады, сондықтан ойын жағдайына тап болған кезде олар үлкен көлемдегі суммаларға бәс тігеді.

Субмәдениет (14 %) — бастапқыда адамдар қоршаған ортадағы мәртебесін көтеру үшін ойнай бастайды, қауіпті, күшті, батыл болып көрінгісі келеді. Содан кейін тәуелді болады  да құмар ойындарға деген құштарлықты жеңе алмайды.

Симптоматикалық түрі (10 %) — құмар ойындар психикалық бұзылыстың (депрессия, шизофрения және т.б.) фонында қайталама симптом ретінде басталады [9].

Негізінен құмар ойын мен жалпы ойын-сауық қызығушылықтарын ажырата білген жөн. Құмар ойынға салынған адам алғашында түрлі агрессиялар көрсете бастауы мүмкін. Оларды жалпылама сипат ретінде төмендегі белгілерді айта аламыз:

Қаржылық проблемалар: патологиялық құмарлыққа кететін қаражат пен уақытты бақылау жоғалады, ақша, құнды заттар із-түзсіз жоғалады, жаңа және жаңа несиелер, қарыздар пайда болады;

Эмоционалды саланың проблемалары: көңіл-күй жиі өзгереді, кенеттен ашуланшақтық пайда болады, кейде депрессиялық, суицидтік ойлар мазалайды.

Мінез-құлқындағы өзгерістер: сыртқы келбетін бақылағысы келмеу, өз ойларына назар аудару, туыстарынан, таныстарынан алшақтау, құмар ойындарға қызығушылық танытатын жаңа достардың пайда болуы, кез-келген тәсілмен ақша табуға тырысу, ойыннан басқа нәрсеге ақша жұмсамау.

Көбінесе құмар ойындар басқа тәуелділіктермен біріктіріледі: алкоголь және есірткі. Көптеген ойыншылар мас күйінде бәс тіге бастайды, әсіресе өте үлкен көлемдегі ақшаға бәс тігеді. Өйткені ішімдік адамның импульсивтілігін арттырады және теріс шешім қабылдауына әсерін тигізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір