• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:51:50
Алматы
+35°

Астананың полиция департаменті 40 миллионға екі кондиционер сатып алмақ. Мемлекеттік сатып алулар порталында өтінімдерді қабылдау 31 шілдеде басталып 15 тамызға дейін жалғасатыны көрсетілген.

Екі кондиционердің жалпы бағасы – 40 миллион 178 мың 571 теңге 42 тиын.

Полиция қызметінің айтуынша, кондиционерлер полицияның ақпараттық жүйелері мен дерекқорларының тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете алатынын, сондай-ақ серверлік үй-жайда ауаның оңтайлы параметрлерін сақтай алады.

"Бұл – өнеркәсіптік кондиционерлер. Олар салқындату режимінде деректер базасын тәулік бойы қорғап тұрады", - деп хабарлады Астана полициясы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: полиция қызметі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір