• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:50:32
Алматы
+35°

ШҚО әкімдігі жөнделіп бітпеген Риддер ЖЭС-і жайлы 14,8 млн теңгеге фильм түсіргенін растады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Әкімдік тендеріне "Алюстрой" деген компания бірден тікелей ие болған. Келісімшарт мемлекеттік сатып алу порталында 20-22 маусым аралығында жасалды. Бұл – Шығыс Қазақстанға жаңа әкім Ермек Көшербаев тағайындалып қойғаннан кейінгі уақыт. Бірақ фильмде облыс әкімі деп экс-әкім Даниал Ахметовтің аты аталады. Сайтта фильм шыққан дата көрсетілмеген.

"Мұндай ақпаратты барынша көп ұсыну тұрғындарды проблемаларды шешу үдерістерімен таныстыруға, тұрғындардың мүддесін қорғауға және қиын жағдайда жылумен қамтамасыз ету үшін қабылданған іс-шаралардан хабардар етуге көмектесті. Жобаның мақсаты – республикалық және жергілікті атқарушы органдар қандай іс-әрекет істеп жатқаны туралы объективті, нақты ақпарат беру" - деді ШҚО әкімдігі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір