• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:15:13
Алматы
+12°

Сарыағашта 5 жасар қызды өлтірген күдіктіге бүған дейін ауыр қылмыс жасағанына қарамастан жеңіл жаза тағайындаған судья қызметінен босатылады. 

Жоғарғы сот ішкі тексеру кезінде күдіктіге алдыңғы қылмысына қатысты заңсыз үкім шыққанын анықтады.

13 шілдеде Сарығашта бес жастағы қыз бала кісі қолынан қаза тапқан еді. Күдікті сол күні ұсталды.

Бас прокуратура күдіктінің 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталғанын, биыл мамырда ауылдасына балтамен шабуылдағаны үшін тағы да істі болғанын хабарлады.

Сот оның жәбірленушімен татуласқанын, 10 жылдық жазасын толық өтеп келгенін ескеріп, тек 3 жылға ғана түрмеге кескен. Ал кейіннен пробациялық бақылауға алып, босатып жіберген. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сарыағаш педофил

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір