• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:58:02
Алматы
+35°

"Вагнер" жеке әскери тобының басшысы Евгений Пригожин төрт күннен бері хабарсыз кеткен. Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков оның қайда екенін білмейтінін айтты. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазды.

"Бізде оның қайда жүргені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Біз Пригожиннің жүріс-түрысын бақылап отырған жоқпыз" –  деді Песков.

Ал Беларусь президенті Александр Лукашенко Пригожин белорус елінде деген мәліметті жоққа шығарып,  оның Санкт-Петербургке кеткенін айтты.

"Евгений Пригожин қазір Питерде. Ал бүгін таңертең оның қайда болғанын өкінішке қарай, мен білмейді екенмін. Мүмкін таңертең Мәскеуге кеткен шығар" деді Лукашенко.

Сонымен қатар, ол "Вагнер" сарбаздары РФ территориясындағы өз лагерьлерінде қалғанын айтты.

Liberation басылымына сілтеме жасаған NEXTA Live Telegram-арнасының хабарлауынша, Пригожин шілденің бас кезінде Путинмен оңашада кездескен көрінеді. Кездесуге Росгвардияның басшысы  Виктор Золотов пен Сыртқы барлау қызметінің жетекшісі Сергей Нарышкин қатысты деген дерек бар.

 

Дереккөз: Halyq Uni

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір