• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 13:39:55
Алматы
+9°

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Қазақстанда 12,9 миллион гектар жер пайдаланылмай жатырғанын мәлімдеді. 

1 қаңтардағы ғарыштық мониторинг нәтижесі бойынша 12,9 млн га пайдаланылмаған, 8,1 млн га дұрыс пайдаланылмаған жер анықталған. Сондай-ақ министрлік мемлекет меншігіне 5 млн га жерді қайтаруды жоспарлап отыр. 

Бүгінде Қазақстанның 17 облысында мал жайылымдары мен 15 облысында қосалқы шаруашылық үшін жер тапшылығы етек жайған.

Еске сала кетейік, былтыр министрлік пайдаланылмай жатқан және заңсыз сатылған 5,35 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарған болатын.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауыл шаруашылығы жер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір