• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 09:33:23
Алматы
+9°

16 Қазан, 2024 NEWS

Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.

Ашық дереккөзден

Сондай-ақ Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат пен оның орынбасары Айбек Бидаевқа сөгіс жарияланды. 

Еске салсақ, бұған дейін Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев Аслан Қасымбаевтың Хасанға туыстық қатынасын растаған да, жоққа шығарған да жоқ еді. 

Оның айтуынша, Аслан Қасымбаевтың Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып отырғанына екі жылдан асқан. Оған дейін Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 

Айта кетейік, Аслан Қасымбаев "Хутор бандасының" басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың ағасы. Ол Талғар ауданы әкімдігінің аппарат басшысы қызметінде 2 жылдан аса отырған. 

Ал бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, оның салдарынан 16 жастағы жасөспірім жігіт қаза тапқан еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған. Прокуратура 7 күдіктінің қамауға алынғанын хабарлаған.

15 қазанда Ішкі істер вице-министрі  10 адам күдікті деп танылып, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір