• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:47:32
Алматы
+12°

17 Қазан, 2024 NEWS

Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге ресми түрде тыйым салды

Ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау федералды қызметі Қазақстаннан бірнеше ауылшаруашылық өнімдерін, соның ішінде бидайды, жасымықты және майлы зығыр тұқымдарын импорттауға уақытша тыйым салды.

Көрнекі сурет

Мәліметтерге сенсек, тауарларды Ресей аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға рұқсат етілген. Бірақ ол үшін тауарларға соңғы елге жіберілетін фитосанитарлық сертификатты рәсімдеу қажет және астықты вагоннан тікелей кеме трюмдеріне тиеу керек.

Қазақстаннан қызанақ, бұрыш, күнбағыс тұқымдары мен қауындарды тікелей транзитпен жеткізуге де толықтай тыйым салынған.

16 қазанда мәжіліс депутаттары Ресейдің осындай шаралары 25 миллион тонна астықтың бұзылуына алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар халықаралық келісімдердің бұзылуына назар аударды. Парламент мүшелері бұл мәселеге қатысты үкіметке бірнеше ұсыныспен хат жолдады.

Осы ретте мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров отандық астықтың экспорты үшін Ресейден басқа логистикалық бағытты іске қосуды ұсынды.

"2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясы Қазақстанның астығы мен ауылшаруашылығы өнімдерінің Ресей аумағы арқылы өтуіне біржақты шектеулер енгізді. Осы теріс шешімнің нәтижесінде астыққа, дән өнімдеріне, күнбағыс тұқымына, қызанақ, бұрыш және басқа да өнімдерге фитосанитарлық сертификат беру тоқтатылды. Халықаралық келісімдер жайына қалды. Нәтижесінде осындай кедергілер біздің елдің ауылшаруашылығы саласына, жалпылай алғанда экономикамызға салмақ салып отыр. Қазақстандық экспорттаушылар үлкен шығынға ұшырады, вагондар тоқтап қалды, өнімдерді жеткізу мерзімі өтіп жатыр", – деді депутат.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бидай Ресей өнім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір