• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:40:47
Алматы
+12°

15 Қазан, 2024 NEWS

Экономика 4 пайызға өсті, айлық неге өскен жоқ: Министр жауап берді

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ел экономикасымен бірге қазақстандықтардың жалақысы неге өспей жатқанын айтты.

Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан экономикасы кейінгі 3 ай бойы 4 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Неге қазақстандықтардың жалақысы өспейді?» - деп сұрады журналист.

Министр экономика өсімі мен айлық өсімнің арасындағы алшақтық ел экономикасының құрылымына байланысты екенін айтады.

«Бұл статистиканы біз де білеміз. Қазақстанда 150-300 мың теңгеге дейін жалақы алатын адамдардың үлесі - 35 пайыз, 300-600 мың теңгеге дейін алатындар - 36 пайыз. Ары қарай азаяды. Бүгінгі таңда экономиканың құрылымының өзі сондай», - деді ол.

Ведомство басшысы айлығы аз адамдарға мемлекет көп көмектесіп жатқанын айтады.

«Жалпы көп көмек беріп жатырмыз. Екі-үш жылда азаматтық қызметкерлерге, мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы екі есе көбейді. Тағы көбейеді деп сенеміз. Ең төменгі жалақы 85 мың теңге болды. Әлеуметтік саладағы министрлік қарап жатыр. Көтерілетін шығар. Жалпы жалақыны көтереміз», - деді Мәди Такиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір