26 Қыркүйек, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астана қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ұйымдастыруымен елорда құрылысшыларына АЭС салу мәселесіне орай кездесу өтті.
Жиынға Астана қалалық мәслихатының депутаты, №5 емхана директоры Алтыншаш Табулдина, "Amanat" партиясы Сарыарқа аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ардан Аралбай және қоғам белсендісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков қатысты.
Кездесуге келген спикерлер референдум мен АЭС салу маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті. Елордадағы бірқатар құрылыс компаниясының өкілдері АЭС туралы барлық жерде ұғынықты және керекті ақпараттар жеткілікті түрде берілсе бұл мәселеге құрылысшылар да, жалпы халық та қарсы болмайтынын жеткізді. Әсіресе, қазір телеарналар көруден гөрі радионы тыңдайтындар көптігін айтқан олар БАҚ-тың осы түрінен мазмұнды, дәйекті деректер айтылса деген ойын білдірді.
– АЭС салу бойынша референдумда оң шешім қабылдап, келер ұрпақ алдында жүзіміз жарқын болатындай әрекет етуіміз керек. Себебі атом электр стансасын салу арқылы электр энергиясын біз біреуден алмай, өзіміз өндіреміз. Оны салуға және жұмысын жүргізуге біздің әлеуетіміз жетеді. АЭС салу бізге не үшін керек? Біріншіден, біздің еліміз уран өндіруден алғашқы орында, ал барлау жүргізілген табиғи уран қоры бойынша 2-орын аламыз. Ядролық отынның компоненттерін өзімізде өндіреміз. Сонымен қатар қолданыстағы жылу стансаларының басым бөлігі 70 пайыз тозған, — дейді Нұрсұлтан Орынбеков.
Кездесу соңында барлық қатысушыларға АЭС туралы мәліметтер жазылған брошюралар таратылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір