• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:20:59
Алматы
+12°

18 Қазан, 2024 NEWS

Депозит сияқты деп ойладық: Jusan Invest клиенттері миллиондаған ақшаларын жоғалтқан

Jusan Invest клиенттері өздерінің салымдарын 90%-ына дейін жоғалтқанын мәлімдеді.

Ашық дереккөзден

 

2021 жылы салымшылар құрылымдық ноталарды сатып алған еді. Алайда 2023 жылдың көктемінде бұл қаржылық құралдардың құны кенеттен 70%-дан 90%-ға дейін төмендеген. Дәл осы кезде котировкаларды (баға белгілеу) бақылауға болатын қосымша істемей қалған. Нәтижесінде, адамдар құнды қағаздарын дер кезінде сата алмай, өз қаражаттарынан айырылған.

Қаражатты сақтап, көбейтеміз деп жоспарлаған клиенттер, керісінше, жинақтарынан айырылды. Jusan Invest клиенттерінің айтуынша, брокер құрылымдық ноталарды 12% және одан жоғары табыспен депозит ретінде ұсынған. Сонымен қатар бағаның төмендеуінен сақтандыру қорғауы да бар деп көрсетілген.

Жапа шеккендердің бірі – Қуат Домбай бір сәтте 10 миллион теңгеден астам қаражатын жоғалтты. Құрылымдық ноталардың құны құлдыраған кезде, ол акциялардың бағасын уақытында біле алмаған.

"Бізді ашық түрде адастырды. Бұл қаржылық құралдардың өзекті бағасы бар екенін білдік, бірақ біз оларға депозит ретінде қарадық. Бізге солай түсіндірді. Егер мен сатып алған сәттен-ақ олардың бағасы төмендеуі немесе көтерілуі мүмкін екенін білгенімде дер кезінде шара қолданар едім”, – дейді ол.

Барлық клиенттер қаржылық сауатты адамдар, бірақ оларға нақты қауіптер туралы ескертпеген дейді заңгер.

"Бұл жерде “Адамдарды алдаған ба?"деген сұрақ туындайды. Өйткені олар қағаздардың нақты құны қанша екенінен бейхабар болған. Бұл сұраққа жауап болған жоқ. Тек бағаны өздеріңіз қадағалауыңыз керек еді деген жауап қана берілді”, – дейді заңгер Айдар Қашқарбай. 

Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі тексеру нәтижесінде 82 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған. Jusan Invest брокерлік компания клиенттері инвестициялық қауіптер туралы хабардар етілген деп жауап берді.

"Аталмыш құрылымдық ноталар – жоғары тәуекелді құрал, оған 20%-ға дейінгі жылдық пайыздық мөлшерлемелер дәлел. Бұл – Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі депозиттердегі 1% табыспен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Құрылымдық ноталар ірі халықаралық банктер тарапынан шығарылған, ал Jusan Invest тек осы қаржылық құралдарды сатып алу бойынша брокерлік қызметтер көрсеткен”, – делінген қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдемесінде.

Клиенттер брокермен бейбіт келісімге келеміз деп үміттенеді. Егер нәтиже болмаса, олар сот органдарына жүгінбек.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жусан Брокер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір