• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:39:26
Алматы
+12°

17 Қазан, 2024 NEWS

Талғардағы Шерзат Болаттың өлімі: күдіктілердің бірінің анасы видеоүндеу жасады

Желіде Талғардағы Шерзат Болат ісі бойынша күдіктілердің бірінің анасы жасаған видеоүндеу тарады. Облыстық полиция өкілдері видеоға пікір білдірді.

Ашық дереккөзден

kris_p_talgar Instagram парақшасында күдіктілердің бірінің анасы президентке, бас прокурорға және ішкі істер министріне жасаған видеоүндеуі жарияланды. Видеодағы әйелдің айтуынша, оның ұлы мен ұлының досы негізсіз қамауға алынған. Оларға қылмысты хабарламау және жасыру баптары бойынша айып тағылып отыр. Алайда әйел олардың қылмыс орнында болмағанын, тек кейінірек, болары болып біткеннен кейін ғана барғанын айтады. Ұсталған жігіттерден алдымен жауап алынып, кейіннен босатылған. Бірақ 13 қазанда әйелдің ұлын қайта ұстап әкеткен.

"Оларды не үшін қамап қойғанын түсінбеймін. Бұл 13 адамды жинау мақсатында істеліп отыр ма? Олар тіпті қылмыс орнында болмаған да. Олар тіпті не жағдай болғанын да білмеген. Алайда қылмыс орнында болған екі қыз куәгер ретінде жауап беріп жүр", - деді күдіктілердің бірінің анасы видеода.

Ал Алматы облысының полиция департаменті видеоға қатысты:

"13 қазанда үш күдікті қамауға алынды. Оларға Қылмыстық кодекстің 434-бабы – "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айып тағылды. Тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті К. қылмыс туралы хабардар болғаны анықталды. Соттың санкциясымен ол екі айға қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі толық және объективті тергеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның аясында барлық қатысушының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - делінген полиция Instagram-дағы парақшасында. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шерзат видеоүндеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір