18 Ақпан, 2023 NEWS
Фото: Ашықдереккөз
Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жетті. Бұл туралы CNN Türk телеарнасының эфирінде елдің Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу мәлімдеді.
Оның айтуынша, табиғат апаты кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимарат орнында іздестіру-құтқару жұмыстарының көп бөлігі аяқталған.
Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қазақстандықтар 3 миллион 600 мың АҚШ долларынан астам қаржы жинады. Сондай-ақ Түркияға 100-ге жуық киіз үй жіберілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір