• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:08:12
Алматы
+12°

Қытай араға 3 жыл салып шетелдіктер үшін шекарасын қайта ашты деп хабарлады BBC. Қытайға келушілер енді карантинге жатқызылмайды, тек 48 сағат бұрын өткен ПТР тесттің нәтижесін көрсетсе жеткілікті. 

Сондай-ақ жексенбі күні Қытай билігі шетелдіктер үшін арнайы виза беріп, елде бірнеше уақытқа қалуға мүмкіндік берді. Ал жергілікті тұрғындарға қайтадан төлқұжат алуға рұқсат етті. 

Бұдан бөлек, Қытай мен Гонконг арасындағы теңіз және құрлық тасымалы қайта жанданды. Дегенмен, саяхатшылар сапарға шықпас бұрын ПТР тест тапсыруы керек. 

Қытай 2020 жылдың наурыз айынын бері  "нөлдік ковид" саясаты аясында шекараны жауып тастаған. Қараша айының аяғындағы жаппай наразылықтардан кейін Бейжің өзінің  карантинге байланысты кейбір шектеулерін жеңілдетті. Алайда "нөлдік ковид" саясатынан ресми түрде бас тартпады. 

Қатаң шектеулерді алып тастағаннан кейін 3 жыл бойы оқшауланған халықта ұжымдық иммунитет қалыптаспай, вирус жұқтырғандар саны арта түсті. Соңғы кездері елдегі ауруханалар мен крематорийлерде кезек көп екені туралы ақпарат тарады. Ал Қытай билігі коронавирустан қаза тапқандардың статистикасын жарияламайтын болған. Қытаймен көрші елдер шекара ашылысымен эпидемияның жаңа толқыны бастала ма деп қауіптенеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір