• USD 465.38

  • EUR 483.58

  • RUB 7.69

  • CNY 64.95

26 Қараша, 22:11:08
Алматы
-6°

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Конституцияның 27 жылдығын атап өтуде. Конституция күніне арналған салтанатты концерт Өскемен қаласының орталық алаңында өтті.

"Бүгін бүкіл ел Конституция күнін атап өтуде. Бұл басты мемлекеттік мерекелердің бірі. Негізгі заң-бұл елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы. Биылғы жылы ҚР Конституциясына түзетулер енгізу бойынша өткен референдум біздің азаматтарымыздың еліміздің одан әрі болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Конституция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Оның арқасында біз тұрақтылық, келісім және игілік жолында нық қадам басамыз. Бұл күні барлық қазақстандықтарға бақыт, денсаулық, Отан игілігі үшін жаңа жетістіктер мен жеңістер тілеймін. Мереке құтты болсын! Конституция Күнімен!- деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram парақшасында.

Өскемен қаласының орталық алаңына 1000-ға жуық адам жиналды. Шығысқазақстандықтар Конституция мерекесін қуанышпен қарсы алды.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

"Бүгін көптеген адамдар жиналды. Барлығы бақытты және көңілді, біз балалармен бірге келдік! Балалар биледі, өнер көрсетті. Өте керемет өтуде. Біздің еліміздің халқы өте ұйымшыл" деді қала тұрғыны Татьяна Сычова.

Қала тумасы Ділназ Арғынғазинаның айтуынша, ҚР Конституциясы күні-бүкіл еліміз үшін айтулы және маңызды мерекелердің бірі деп атап өтті.

"Жыл сайын біз бұл күнді тұрақты түрде атап өткен едік. Бірақ шектеу шараларына байланысты бізде 2 жылға жуық осылай бірге атап өтуге мүмкіндік болмады. Біз бүгін қалада қайтадан концерттер, алаңда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылғанына өте қуаныштымыз, бұл қуаныш пен бірліктің теңдесі жоқ атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!" деп ізгі тілегін білдірді.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Айта кетейік, күні бойы Қаланың бас алаңында түрлі іс-шаралар өтеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шқо заң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір