• USD 476.71

  • EUR 467.03

  • RUB 8.36

  • CNY 67.1

03 Қазан, 16:27:51
Алматы
+15°

Алматыдағы әйел мен оның екі баласының беймәлім өліміне қатысты көршілері де ештеңе білмейтінін айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады. Көршілерінің айтуы бойынша, сол күні 34 жастағы әйелдің күйеуі іссапардан келген. Алайда пәтердің есігін аша алмай, есікті бұзып кірген. 

– Күйеуі ішке кіру үшін есікті бұзып ашатын қызметке хабарласуға мәжбүр болды. Олардың екі баласы болғанын ғана білеміз. Чатта көршілер оның жақсы әйел болғанын жазып жатыр, – дейді көршісі Айнұр Сарбасова.

Көршілері сол күні әйелдің "көмектесіңдер" деп айғайлаған дауысын естіген. 

– 6 тамыз күні сағат 7:30 шамасында тереземіз ашық тұрды. Мен баламды тамақтандырып отырған едім. Сосын әйел адамның "көмектесіңдер!" деп қатты айқайлағанын естідім. Мен дауыс қайдан шыққанын көру үшін терезеге бардым. Басқа көршілерім де терезеден қарап жатыр екен. Сосын әлгі дауыс сап тыйылды. Артынша баланың жылаған дауысы естілді. Болды. Әлдебір тарс еткен дыбысты да естідік. Шамамен 10 секундтай айқайғалаған дауыс та тыншып қалды, – дейді марқұм әйелдің көршісі Әйгерім Мырзабекова.

Алматыда Мамыр шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2 және 7 жастағы баласының денесі табылған. Оқиғаға байланысты қалалық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір